20.04.2020, 02:15

«Індет шарықтау шегіне жеткен жоқ»: президент халықтан карантин режимін сақтауды сұрады

фото: stan.kz
Сондай-ақ, ол дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілер мен волонтерлерге алғыс айта отырып, олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажеттігін ескертті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардан карантин режимін сақтауды сұрады. Ол өзінің Твиттердегі парақшасында індеттің шарықтау шегіне әлі жетпегенін атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ, геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індет шарықтау шегіне жеткен жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ол дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілер мен волонтерлерге алғыс айта отырып, олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажеттігін ескертті.