21.04.2020, 22:55

Айы-күні жетіп отырған ақтаулық жүкті әйел індетке шалдыққан

фото: gazeta.ru
Науқасты бірден провизорлық бөлімшеге жеткізіп, сынама алды. Оның нәтижесі ағзада вирустың барын анықтаған.

Ақтауда айы-күні жетіп отырған жүкті әйелден COVID-19 вирусы анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Жүктіліктің 36 аптасында жүрген әйелдің түнде қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан. Науқасты бірден провизорлық бөлімшеге жеткізіп, сынама алды. Оның нәтижесі ағзада вирустың барын анықтаған.

Науқастың жолдасы да ауруханаға оқшауланып, сынама алынды. Қазір олармен байланыста болған адамдар тексеріліп жатыр. Ал вирус жұқтырған 27 жастағы әйел тұратын үйдің бір бөлігі карантинге жабылып, дезинфекцияланды.

Айта кетейік, бүгін Маңғыстау облысында дерт жұқтырған 2 адам анықталды. Біреуі – аталған әйел, екіншісі – Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылының 36 жастағы тұрғыны.