$ 448.89  477.93  4.76

Қазақстанның мүлікті заңдастыруда тәжірибесі бар - Б.Сұлтанов

Осы уақытқа дейін елімізде екі мәрте мүлікті заңдастыру (жария ету) шарасы өткені белгілі. Сондықтан, Қазақстанның бұл мәселеге келгенде тәжірибесі бар. Бұл туралы «Жария ету-2014» бағдарламасына арналған тікелей эфир де ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

― Шынымен-ақ жария етуді өткізуде Қазақстанның тәжірибесі бар. Алғашқы ақшаны жария ету Қазақстан Республикасында 2001 жылғы шілде-тамыз айларында бір ай бойында өткізілді. Жария ету ол кезде бір жолғы акция түрінде, сол өткізу кезеңіне ҚР азаматтарының екінші деңгейдегі банктердегі арнайы шоттарға ақша салуы жолымен өткізілді. Амнистия нәтижесінде Қазақстан Республикасының шамамен 3 мыңға жуық азаматы 480,0 миллионнан астам АҚШ долларын жария етті, ― деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, 2006-2007 жылдары жария етуге тек қана ақша емес, сол сияқты жылжымалы және жылжымайтын мүлік те жатқызылды.

― Осы ерекшелікті, сондай-ақ мерзімдерін ұзартуды ескере отырып, акция анағұрлым созылмалы сипатта болды және бір жылдан астам уақыт - 2006 жылғы 3 шілдеден бастап, 2007 жылғы 1 тамызға дейін өткізілді. Сол кезде мүлікті жария етуді өткізу үшін жария етілген мүліктің құнынан 10% мөлшерінде алым алу көзделген, ― деп атап өтті министр.

Бақыт Сұлтановтың мәлімдеуінше, осы акцияны өткізу нәтижесінде, шамамен сомасы 845 млрд. теңге немесе шамамен 7 млрд. АҚШ долларына (8,3% к ВВП 2006г.) мүлік жария етілді, оның ішінде ақша 538 млрд. теңге (бүкіл мүліктің 63,7%-ы), жылжымайтын мүлік 236 млрд. теңгеге; республикалық бюджетке шамамен 60 млрд. теңге немесе 483 млн. АҚШ доллары (жария ету үшін алым) түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары