Кеше Алматыда 114 адамнан, ал бүгін 89 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Олардың 16-сы провизорлық стационарда карантиндегі вирусы бар адаммен байланыста болғандар, 4-уі Мәскеу-Ақтөбе-Алматы рейсімен ұшып келгендер. Олар ұшып келген соң стационарда карантинде болды. Ал қалғандары тестілеу нәтижесінде вирусы жаңадан анықталғандар», - деп жазылған хабарламада.
Олармен байланыста болған барлық адамдар табылды және провизорлық госпитальдарға карантинге орналастырылды.
«Инфекциялық стационарларда 1015 адам емделіп жатыр, оның ішінде 39-ы бала. Екі адамның жағдайы – өте ауыр, 27 адамда – ауыр, 208 адам орташа ауыр күйде жатыр. Провизорлық госпитальдарда 395 адам, карантиндік оқшаулауда 366, үй карантинінде 11846 адам бар. Өткен тәуліктерде Алматыда 15 науқас коронавирустық инфекциядан жазылып шықты», - деп жазылған хабарламада.