Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет құрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тиісті қаулыға Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин қол қойған.
"Сонымен қатар аталған қаулымен 2020 жылдың 29 сәуірінде ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Дінтану сараптамасы орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды", - делінген нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған қаулыда.