3,5 жыл бойы Нұр-Сұлтан қаласына қарасты Алматы ауданын басқарған Әділбек Сәрсембаев қызметінен кетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Басқа қызметке ауысыма байланысты, мен Алматы ауданының әкімі ретінде қызметімді тоқтатамын. Бұл лауазымда мен 3,6 жыл қызмет атқардым, шынымды айтсам, уақыт зымырап өтті. Күнделікті, біз әріптестерімізбен ауданымызды жақсы жағынан көрсетуге тырыстық, халықпен кездесулер өткіздік, аудан аумағын жұмыс бабымен араладық, ісшаралар өткіздік.
Тұрғындармен жақсы байланыс орната алғанымды мақтан тұтамын, біз тұрғындарды мазалаған мәселелерді білдік және тұрғындардың қажетсінуіне сүйене отырып шешімдер қабылдадық! Осы уақыт ішінде тұрғындар алдында бірнеше мәрте есеп бердім, іс жүзінде тұрғындардың барлық өтінішін орындадым, бірақ олардың басында біраз шешілмеген проблемалар қалды, аппарат ұжымының жұмыс істейтініне және бұл мәселелерді шешетіндігіне сенімдімін", - деп мәлімдеді ол Facebook-парақшасында.