$ 494.87  520.65  4.91

Сот «атауын өзгерткен ҚДТ» ретінде «Көше партиясының» жұмысына тыйым салды

Әбілязовтің өзі де әлеуметтік желіде бірнеше рет «Көше партиясының» жазбаларын бөліскен және өз постарында ол туралы атап өткен.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық соты тіркелмеген «Көше партиясы» қозғалысы елде экстремистік деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысымен бір ұйым деп танып, қызметіне тыйым салды. Шағымды Қазақстанның Бас прокуратурасы түсірген, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

«Сот ҚДТ қозғалысы өз атауын «Көше партиясына» ауыстырғанын анықтады және екеуі де бір экстремистік ұйым деп таныды. Сот ҚДТ қозғалысының Қазақстан аумағында «Көше партиясы» деген жаңа атпен жұмыс істеуіне тыйым салды. Азаматтық процессуалдық кодекстің 243-бабына сай, бұл сот шешімі тез арада күшіне енеді» деп мәлімдеді прокуратура ресми сайтында.

Бас прокуратура ел аумағында ҚДТ және «Көше партиясының» қызметіне тыйым салып, екі ұйымның жұмысына араласқандар жауапқа тартылатынын ескертті.

Еске сала кетсек, «Көше партиясы» қозғалысы 2020 жылы ақпанда құрылғандарын жариялаған. Қозғалыс мүшелері оны ешкім қаржыландырмайтынын айтқан. Бірақ, олар Қазақстанда экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының осыған дейінгі қарсылық акцияларына, түрлі шараларына қатысқан және сот оларды «бейбіт митинг заңын бұзды» деген айыппен жазалаған.

Сондай-ақ, Әбілязовтің өзі де әлеуметтік желіде бірнеше рет «Көше партиясының» жазбаларын бөліскен және өз постарында ол туралы атап өткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары