$ 494.87  520.65  4.91

«ЕАЭО шешімді өзімізге қабылдауға мүмкіндік беру керек деп есептеймін» - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттердің үкіметтері комиссиямен бірлесіп жұмыс жүргізе беретіндігін жеткізді.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикалық одақтың алдағы бес жылдағы даму бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжаттарды қабылдауда қателік жіберілмеуі керек. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бұл үлкен оқиға. Құжаттың өзі болсын, ұйымдастыру-хаттамалық рәсімдеу жұмыстары болсын - жан-жақты тараптан мұқият даярлықты талап етеді. Комиссия өкілдері жақында мемлекет басшыларының стратегияны қабылдағаны жайлы аңдатпа бергенін атап өткім келеді. Президенттерге талқылауға, бұл маңызды құжатты - стратегияны қабылдаймыз ба, жоқ па – шешімді өзімізге қабылдауға мүмкіндік беру керек деп есептеймін. Алайда кейде Еуразиялық экономикалық комиссиясының кейбір өкілдерінің ерекше атаққұмарлығы байқалып қалады. «Біз дайындап қойдық, Президенттер қабылдауы керек» дегендей емеурін бар. Бірақ менің ойымша Мемлекет басшылары өз құқығын қолданып, қателік жібермеу үшін құжатты талқылауы керек деп есептеймін», - деді Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттердің үкіметтері комиссиямен бірлесіп жұмыс жүргізе беретіндігін жеткізді.

«Сонымен бірге біздің мемлекеттердің үкіметтері комиссиямен бірге стратегияны жүзеге асыру жоспарын даярлау бойынша параллель жұмысты жүргізе берер еді. Бұл көкжиектерді кешенді түрде көре білуге мүмкіндік береді», - деді ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары