Опера әншісі Сүндет Байғожин Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сүндет Абдрахманұлы Байғожин 1984 жылы Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясында «Жеке ән айту» мамандығы бойынша білім алды. «Астана Опера» театрының жетекші опера әншісі қызметін атқарды. ҚР Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.
Опера майталманы Сыр елінің өнерін, оның ішінде классикалық музыканы дамытуға атсалысады. Аймақ өнерпаздарын белгілі опера жұлдыздарымен тәжірибе алмастырып, жаһандық сахнаға шығаруға еңбек етеді деп жоспарланған.