10.06.2020, 16:20

Астанада белгілі адвокат «кісі өлтірді» деген күдікпен қамауға алынды

Фото: stan.kz
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Астана қаласында адвокат Құмар Бердалин адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. kaz.zakon.kz сайтының хабарлауынша, ол үшінші маусым күні қамауға алынған.

"Биыл 3-маусымда 1975 жылы 17 қыркүйекте туған Бердалин Құмар Советұлын қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Бердалинге қатысты қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деп хабарлайды Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Кейбір ақпарат құралдарында жәбірленуші күдіктінің анасы болған деген мәлімет жүр. Адвокаттыққа дейін Бердалин Бас әскери прокурордың аға көмекшісі, әділет полковнигі болған.