Саясат 17.06.2020 сағат 17:20

«Шыңғыс хан ханафи бағытын ұстанған»: белгілі академик ұлы қағанның мұсылман болғанын дәлелдеп берді

Шыңғысхан ешқашан да дәретсіз жүрмеген. Келелі істер барысында «Құран» аяттарын оқи отырып, пәтуә көрсететін болған.
«Шыңғыс хан ханафи бағытын ұстанған»: белгілі академик ұлы қағанның мұсылман болғанын дәлелдеп берді
фото: qazaquni.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ат тұяғы жетер жердің бәрін жаулап, жарты әлемге әмірін жүргізген ұлы қаған – Шыңғыс ханның ата-тегі туралы тартыс әлі басылған жоқ. Көптеген тарихшылар Шыңғыс ханды түркі жұртынан деп біледі. Тіптен арғы тегі қазақ, соның ішінде Адай руынан шыққан деп дәлелдемек болғандар бар. Енді міне, Шыңғыс ханның мұсылман болғаны дәлелденіп отыр. Соның ішінде Ханафи бағытын ұстаныпты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазақ үні сайтында академик Тілеуберді Тыныбайдың «Шыңғысханның діни сенімі қандай болған?!» атты мақаласы жарық көрді.  Мақалада Шыңғысхан әулетінің түгелдей мұсылман дінін ұстанғаны айтылады. «Шыңғыс хан қайсы дінге сенген? Бұл сұраққа еліміздегі және шетелдік тарихшылар да әлі дұрыс жауап тапқан жоқ. Себебі – олардың ешқайсысы түпнұсқа тарихи құжаттарға жүгінбейді. Бұрын шаманизм нанымында болған деушілер көп еді, таяу жылдардан бері «тәңіршілдік» (тенгрианство) дейтін әлде бір дінге сенген деушілер пайда бола бастады. Шыңғысхан әулетінің орда жылнамасы бойынша, моғолдар бастапқыда Оғыз ханға қарсы шығып, оның әкесін – Қараханды қолдаса да, бас-аяғы жетпіс жыл ішінде толықтай Аллаға иман келтірген. Демек тұтас түрік халқы, оның ішінде моғол түріктері де Оғыз хан заманынан бастап бір Аллаға иман келтірген. Тарихқа осы тұрғыдан назар салсақ, Шыңғыс ханның ата-бабалары сонау Оғыз ханның заманынан тартып бір Аллаға иман келтірген, сондай-ақ олар таза түрік нәсілді болған», - дейді  Тілеуберді Тыныбай ағамыз. 

Академиктің жазуынша, Шыңғысхан ешқашан да дәретсіз жүрмеген. Шыңғыс хан және оның әулеті исламның Ханафи бағытын ұстанған. «Орда тарихшысы Атамәлік Жөбенейдің дерегі бойынша, Шыңғыс хан және оның әулеті исламның Ханафи бағытын ұстанған. Атамәлік: «Шыңғысхан әулетінің болуы – ислам, Ханафи дінінің бақыты болды» – деп жазған-ды. Келесі бір орда ұлығы, әлемге әйгілі тарихшы Рәшид әд-Дін: «Шыңғысханның мақсаты, ислам дінін секталарға бөлініп қан төгісуден құтқару, біртұтастыққа келтіру болатын» – деп атап көрсетеді. Мұны «Құпия шежіре» дерегі де растай түседі, Шыңғысхан ешқашан да дәретсіз жүрмеген. Шыңғысхан әулеті келелі істер барысында «Құран» аяттарын оқи отырып, пәтуә көрсететін», - дейді ол. 

Сол секілді балаларына да мүсылманша ат қоятын болған. «Жошының бір баласының есімі Мұхамед еді, ол да Шыңғыс хан мен оның әулеті хақ мұсылман болғанының анық дәлелі. Ал Хожа, Ибраһим, т.б. мұсылманша есімдер бұл әулетте көп кездеседі. Үкітәй қағанның бір аты Ақтай болса, бір немересінің есімі Оғыз болған. Енді бұған Шыңғысханның ұлы Жошы мен жары Құлан қатұнның мұсылмандық дәстүрде жерленгенін қосыңыз, осының бәрі жайдан-жай болуы мүмкін емес. Тірісіне арнап мешіт, медресе, ханақа салдырса, өлісінің басына мұсылманша күмбез тұрғызса, ол халық – мұсылман болмағанда, кім болмақ? Мұсылман емес адам өз перзентіне Пайғамбардың (с.ғ.с.) атын қоя ма? Тегі түрік болмаса, Оғыз ханның есімін кие тұтып, оны өз баласына қалай қоймақ? Оғыз хан әрі илаһи уахи арқылы бір Аллаға иман келтіруші хақ мұсылман, әрі барша түрік мемлекеттілігінің түп атасы, алғашқы ханы», - деп атап өткен мақала авторы. 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар