$ 447.4  477.55  4.76

Депутаттар каникулға шықты

Бесінші сессия кезінде қос Палатаның қарауында 161 заң жобасы болды, оның 98-і қабылданды.
фото: qazaqstan.tv
фото: qazaqstan.tv

Парламент VI шақырылымның бесінші сессиясын аяқтады. Осыдан кейін олар каникулға кетеді. Парламент сессиясын жабу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясы заң шығару жұмысының көлемі бойынша да, қабылданған заңдар шешімін табуға ықпал ететін міндеттер бойынша да өте ауқымды болды. 

Сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы өтті, Мәжілістің 41 жалпы отырысында 296 мәселе қаралса, Сенаттың 25 жалпы отырысында 165 мәселе қаралды. Бесінші сессия кезінде қос Палатаның қарауында 161 заң жобасы болды, оның 98-і қабылданды. 

Бүгінгі күні Парламент қабылдаған заңдардың 86-не Мемлекет Басшысы қол қойып, олар заңды күшіне енді. Депутаттық корпустың Үкіметпен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ азаматтық қоғаммен сындарлы іс-қимылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айқындаған стратегиялық басымдықтар және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент сессиясының ашылуы кезіндегі Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған міндеттер бойынша тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Депутаттар осы сессияда заңдарды қарап, қабылдаумен қатар, еліміздің экономикалық және әлеуметтік өмірінің аса өзекті мәселелері бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Өткен сессияда Парламент қабырғасында 13 үкіметтік сағат, 5 парламенттік тыңдау, 20 «дөңгелек үстел», комитеттердің 27 көшпелі отырысы және 2 конференция өтті.

 Парламенттік тыңдаулар, атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, Қазақстанның су қауіпсіздігі, заң шығару процесін одан әрі жетілдіру сияқты мәселелерге арналды. Сессия жұмысы кезеңінде Парламенттің қос Палатасының депутаттары 308 депутаттық сауал (оның 204-ін – Мәжіліс депутаттары, 104-ін – Сенат депутаттары) жолдады. Осы сессия барысында Парламент депутаттарына азаматтардан шамамен 9733 хат келіп түсті, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары