08.07.2020, 09:20

Бүгін ауа сапасының нашарлауы 4 қалада күтіледі

Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.

8 шілде күнгі еліміз қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап. 

Сәрсенбіде ауа сапасының нашарлауы Шымкент, Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында күтіледі.

Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.