$ 498.34  519.72  4.85

«Ұпай жинап аласыз деді»: Президентке үкіметті таратып жіберуге кеңес берген

Бірақ халықтың алдында ойын ұйымдастыруды жөн деп есептемеймін.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси ұпай жинауды жөн көрмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен ашығын айтайын: Үкіметтің кеңейтілген осы отырысына дайындық барысында маған кейбір аймақтағы және ведомстволардағы бірінші басшыларды жұмыстан босатуды, тіпті бүкіл Үкіметті отставкаға жіберу туралы кеңес берілген болатын. «Қоғам бұл әрекетіңізді дұрыс қабылдайды, ұпай жинап аласыз» деген ой айтылды. Бірақ маған қазір ұпай дегеннің керегі жоқ. Мен жауапты адамдарды тыңдауға дайынмын. Бірақ халықтың алдында ойын ұйымдастыруды жөн деп есептемеймін. Қазір ондай жаста да, жағдайда да емеспін», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары