$ 494.87  520.65  4.91

«Екі ел әскері бір мүдде жолында күреседі» - Қытайдың Қазақстандағы елшісі

«Қытай және Қазақстан әскері аймақ тыныштығын қорғап, ел көлемінде түрлі-түсті революцияның орын алуына жол бермейді», - дейді ол.

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытай Ұлттық-азат етуші армиясының құрылғанына 93 жыл толған мерекесі қарсаңында Қазақстан мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, bairaq.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытайдың әскери күштік құрылымдары арасындағы ынтымақтастық 28 жылдан бері қарқынды дамып келеді.

«Екі армия да мамандармен жиі алмасып, тәжірибе бөлісіп тұрады. Қос тарап осы ынтымақтастықтың арқасында әскери байқаулар мен дайындықтар ісінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қытай және Қазақстан әскері аймақ тыныштығын қорғап, ел көлемінде түрлі-түсті революцияның орын алуына жол бермейді. Қауіпсіздік, қорғаныс, бейбітшілік үшін екі тарап та бір мүдде жолында күреседі», - деді Чжан Сяо.

Сондай-ақ, елші Қытай тарапы Қазақстанмен кешенді жұмыс істеп, «ұлт көшбасшылары» жасаған келісімді одан әрі дамыту туралы ұсынысты әрдайым қарастыратынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары