02.08.2020, 02:36

Алексей Цойдың орынбасарларының бірінің қамауға алынғаны хабарланды

фото: ibirzha.kz
Оны Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметі бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алған.

Бүгін белгілі саясаттанушы әрі блогер Ербол Еділовтың телеграм және инстаграмм каналдарында (yedilov online) арнайы қызмет өкілдерінің белгісіз бір адамды ұстап әкетіп бара жатқан видеосы жарияланды. Еділовтің пайымдауынша, ұсталған адам – Олжас Әбішев болуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еділовтың жазуынша, оған «бюджет қаржысын жымқырды» деген айып тағылған.

«Кейбір ақпарат көздері Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметі Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев бюджет қаржысын жымқырды деген ұстағалғанын хабарлап жатыр. Шілде айының 30-ы күні Денсаулық сақтау министрлігінде бірқатар ауыс-түйіс болатынын, сонымен қатар, вице-министр Олжас Әбішевтің қызметінен кететінін хабарлаған болатынмын»,  - деп жазған өзінің парақшаларында.