12.08.2020, 09:20

Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде болған атысқа қатысты тың ақпарат шықты

Фото: otyrar.kz
Полицейлердің мәліметінше, күдіктілердің арасында бұрын сотты болғандары бар.

Шымкентте мейрамханада болған атысқа қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Еске салайық, 10 тамызда Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде оқ атылған еді. Күдіктілер қашып үлгерген болатын. Оқиға орнына жеткен полицейлер оларға тосқауыл қою мақсатында қала бойынша жол талғамайтын көліктерді тоқтатқан еді.

Полицейлердің мәліметінше, күдіктілердің арасында бұрын сотты болғандары бар.

"Кәдімгідей тааарс етіп бірдеңе жарылғандай болды. Мен үйде болдым. Дауысын естіп сәл қорықтық, бардым..скорая тұрған. -Неше рет атылды? –екі рет атылды-ау деймін", - дейді тұрғындардың бірі Сәуле Құрымбаева.

Бейресми мәліметке сүйенсек, қанды оқиға қос қылмыс серкелерінің арасында болған. Қазіргі уақытта, телеарна мәліметінше, 1989 жылғы ер адамға іздеу жарияланған. 

"Екі балтырына тиген екі оқ және арқа бөлігіне бір оқ тиген. Бір оқ арқасындағы ол науқастың жағдайы тұрақталғаннан кейін қайтадан алынады. Түскен кезінде жағдайы ауыр болды", - деді № 1 клиникалық аурухананың бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы Нұржан Естемесов.

Тегтер: Шымкент атыс