$ 494.87  520.65  4.91

«Әжетхана тесігіне дәлдеп дұрыс сиюді білмейтіндер тұрғанда...»: заңгер белорустардан үлгі алуды ескертті

«Тіпті, адам отыратын орындыққа аяқ киімдерін шешіп шығуының өзінен бұл елдің халқының болашағына зор үмітпен қарауға болады!».

Заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасына елінде ереуілдетіп жүрген Белорусь халқының мәдениетіне сүйсінген жазба жариялады. Айтуынша, қалың бұқара қанша ашу-ызаға булықса да қала көшесіне еш зақым келтірмеген. Бейбіт тұрғындардың мүлкін қиратпаған. Тіпті, олардың көшедегі орындықтардың үстіне аяқ киімдерін шешіп, шұлықпен шыққан суретін жариялаған Айгүл Орынбек, қазақ халқына да биліктен бірдеңе талап етіп шығу үшін алдымен өздері әлгіндей көше мәдениетін меңгеріп алуы керектігін ескертті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Тақ үшін өз ұрпағын өлтірген патшалар бар. Биліктің дәмін татып көрген адам оңайлықпен қолындағы билікті беріп қоймайды! Елбасы Тоқаевтың қолына билікті оңайлықпен бере салған жоқ! Өз қызына бере салса да жарасар еді, бірақ, халық көтерілетінін сезді. Таққа талас әлі де жүріп жатыр, өз жағдайын жасап алған шенеуніктер мен бай-бағландар Елбасының таңдауын да құптай қойған жоқ! Мойындау керек, Президентіміз Тоқаевты да менсінбейтін әкімдер мен шенділер бар!

Билік сәләфиттердің қолына өтіп кету қауіпі орасан зор. Иран, Ауғанстан еліне он жылда айналып кетуіміз әбден мүмкін! Сол себепті, елдегі болып жатқан кішкене провакациялық толқуларға абайлап қарағанымыз жөн!
Көрші ел Беларусияны көріп, арқасы қозып отырғандарды оқып, мен де үн қосуды жөн санадым.

Біздің халық бұндай үлкен толқуларға дайын емес! Неге дейсіздер ғой, біздің халыққа бірдеңені ең бірінші мәдениетті талап етуді үйрену керек! Қанша күннен бері видеоларын қарап отырмын, сабырлылықтарына риза болдым Беларус халқының!

Бейбітшілік уақытында жәй ғана әжетханаға дұрыс отыруды білмейтін халық бұндай толқулар болса, жан-жағымызды қиратып, ғимараттарды өртеп, машиналарды аударып тастар еді. Сөзбен суреттеп керегі жоқ, жәй ғана кешегі Сәтбаев қаласындағы оқиғада жазықсыз тұрғындардың көліктеріне, дүниелеріне зардап келген!

Беларуссияны көріп, ол елден ең бірінші үйренеріміз «мәдениеттілік»! Билікке қарсы шықса да елдегі мүліктерді талқандап жатқан жоқ! Бұл – өте үлкен мәдениеттілік! Тіпті, адам отыратын орындыққа аяқ киімдерін шешіп шығуының өзінен бұл елдің халқының болашағына зор үмітпен қарауға болады!

Ал біз биліктен өзгеріс күтеміз, өзгерісті әрқайсымыз өзімізден бастайық!
Әжетхана тесігіне дәлдеп дұрыс сиюді білмейтіндер тұрғанда, бұл елдің өркендеп, өсуі қиын-ау!» - дейді қазақстандық заңгер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары