$ 449.58  486.94  4.86

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тапсырма берді

Үкімет басшысы президентке азаматтарды жұмыспен қамту және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы баяндады.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Премьер-Министр Мемлекет басшысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Президентке тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, күзгі жиын-терім жұмыстарын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына дайындық жөнінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар кездесуде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету мәселелері сөз болды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары