$ 494.87  520.65  4.91

«Навальныйдың әрбір қадамын ФСБ аңдып отырған» - батыс басылымдары

Ол бірнеше ай бойы көпшілік алдына шыға алмауы мүмкін.
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Германиядағы ауруханада ес-түссіз жатқан Алексей Навальныйды соңғы кездері Ресейдің қауіпсіздік қызмет өкілдері қатты бақылауға алған. Азаттық сайтының жазуынша, әсіресе, саясаткерді Сібірге барған сапарында федералдық қауіпсіздік қызмет (ФСБ) өкілдері оның әрбір қадамын бақылап, ақпарат жинап отырған.

Аталмыш дерек көзінің жазуынша, мұндай хабарды Московский комсомолец басылымы Ресейдің қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сүйене отырып жариялаған.

«Ресейдің қауіпсіздік қызметіндегі деректерге сүйенген басылымның жазуынша, ФСБ қызметкерлері Сібірде Навальныйдың әрбір қадамын аңдып отырған» деп жазады Азаттық сайты.  

Мұндай деректі саясаткер Алексей Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш та айтқан. 23 тамызда Twitter желісінде «аңду таңданарлық нәрсе емес, тек осындай ақпараттың егжей-тегжейіне дейін айтылуы таңғаларлық нәрсе» деп жазды.

Қазіргі уақытта Алексей Навальный Берлиндегі Шарите клиникасында жатыр. жағдайы әзір бірқалыпты. Навальныйды Германияға алып кететін жедел жәрдем ұшағын жіберген Cinema for Peace үкіметтік емес ұйымының басшысы Яка Бизилдждің айтуынша, Навальный бірнеше ай бойы көпшілік алдына шықпауы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Меркель Навальныйға арнайы ұшақ жіберді

Азаттық сайтының жазуынша, Германия полициясы кешеден бері Навальный жатқан ауруханадағы қауіпсіздікті күшейткен.

«Навальный Германия ауруханасына Ангела Меркельдің қонағы есебі ретінде жатқызылған. Неміс басылымдарының ақпаратына қарағанда мұндай мәртебе Навальныйдың қауіпсіздігін барынша күшейтуге мүмкіндік береді.

44 жастағы Навальный әлі есін жиған жоқ, аурухана жетекішілігі диагностика толық аяқталып, нәтижесі шыққан соң ғана саясаткердің жағдайы туралы ақпарат беретінін айтты» делінген аталмыш көзі таратқан ақпаратта.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары