$ 494.87  520.65  4.91

«Мұхамеджан Тазабек «психология ғылымдарының кандидаты» деген атақты 10 мың долларға сатып алған» - Тоқтар Жақаш

Өйткені, оның Ресейде оқығанын дәлелдейтін ешбір айғақ жоқ. Орысшасы да нөл.
фото:  abai.kz, Асыл арна
фото: abai.kz, Асыл арна

Соңғы кездері еліміздің білім саласындағы былықтарды айтып, қордаланған мәселелерді көтеріп ашық пікір білдіретін азаматтардың қатары көбейіп келеді. Мәселен, кеше ғана журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы «жағдайы бар, тамыр-танысы бар көлденең көк аттының бәрі «ғалым» болып жүргенін» айтып Білім және ғылым министрі Аймағамбетовке хат жазған еді. Бүгін міне, тағы бір журналист Тоқтар Жақаш өзінің Facebook парақшасында айтыскер ақын, «Асыл арнаның» директоры Мұхамеджан Тазабектің жақында ғана қол жеткізген ғылыми атағына күмән келтіріп, жазба жариялапты, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы. 

Тоқтар Жақаштың жазуынша, Мұхамеджан бұл атақты қомақты ақшаға сатып алған. Өйткені, оның Ресейде оқығанын дәлелдейтін ешбір айғақ жоқ.

«Мына суреттегі «ақылгөй-абыз» осыдан 4-5 жыл бұрын аяқ астынан «психология ғылымдарының кандидаты» боп шыға келді. Өзі ФБ-ға куәлігінің суретін салып, сүйінші сұраған. Жақын араласатын адамдарының арасында «куәлікті 10 мың долларға сатып алды» деген сөз бар. Сол сөз рас сияқты. Өйткені, «ақылгөй-абыздың» Ресейде оқығанын дәлелдейтін ешбір айғақ жоқ. Орысшасы да нөл. Оқып жатса, «оқып жатырмын» деп мың рет сурет салар еді ғой! Қара базардан сатып алды деген ойдамын. Оның үстіне «психология ғылымдарының кандидаты» деген куәлік бұл бала-шағасымен Түркияда демалып жүргенде келген», - деп жазған бұл жолы. 

Тоқтар Жақаштың жазуынша, осы мәселе бойынша, Ресей білім министрлігіне сауал жібермек болған. Бірақ оның реті келмеген.

«ФБ-дағы куәліктің суретіне сүйеніп, Ресей білім министрлігіне сауал жібермек болғанмын. Соны сезгендей суретті алып тастапты.

Ислам - өтірік айтпауға, біреуді алдамауға үндейді. Ал бұл сонда қандай исламды ұстанады? Егер, Ресейде оқығаны рас болса, дәлелдейтін құжаттарын ФБда жариялайды деп сенемін. Өтірік болса, үндемей құтылудың қамын жасайды. 
Так ышто, сұлу сөйлегеннің бәрі періште емес. «Сұлу сөз де шайтаннан» дейтін Хадис бар!
Егер, әлгі куәлікті сатып алғаны рас болса, онда ол іс күнәға жата ма », - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.   
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары