$ 498.34  519.72  4.85

Жер дауынан кейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі де қызметінен кетті

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан кеңес барысында Президент ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаевты қызметінен босатуды бұйырды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлап отыр.

«Бұл жұмысқа (жер заңнамасына) ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жауапты болған. Оны жұмыстан босату керек. Ол жұмысын тиісті деңгейде атқара алмай, сенің (Ерболат Досаев) және Үкіметтің сенімін ақтамады», - деді Елбасы. 

Бұл қызметке Қайырбек Айтбайұлы ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 918 қаулысымен тағайындалған болатын.

Осының алдында ол 2004 жылдан ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу жөніндегі комитеті төрағасы, 2006 жылғы мамырдан ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2007 жылғы қыркүйектен 2011 жылғы мамыр айы аралығында ҚР Туризм және спорт министрлігінің вице-министрі, 2013 жылғы ақпан айынан ҚР Өңірлік даму бірінші вице-министрі лауазымдарында қызмет етті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары