Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қуандық Бишімбаев ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz. Жаңа министрді ұжымға ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов таныстырды.
Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев 1980 жылы 11 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дж. Вашингтон Университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Естеріңізге салайық, Жер кодексіне енгізілген түзетулерден кейін қоғамда жер саудасына қатысты дау шығып, соңы митингтерге ұласқан болатын. Салдарынан кеше ҚР Президенті Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен оның орынбасары Қайырбек Өскенбаевты қызметінен босатты. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс берілді.