29.08.2020, 02:15

Қостанайлық 300-ге жуық шаруа жер салығынан босатылмаған

фото: atameken.kz
«Ауыл шаруашылығын қолдау» бағдарламасының тиімділігін кейбір шаруалар көріп жатса, енді бірі оған қол жеткізе алмай отыр. Біз бағдарламаның жалпыға бірдей болуын қалаймыз», - дейді «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары.

Қостанайлық шаруалар мемлекет тарапынан жасалған жеңілдіктерді пайдалана алмай отыр. Бұл туралы «Ауыл» партиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әңгіме жер салығына қатысты. Үкімет эпидемиологиялық ахуалға байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жыл соңына дейін салықтан босатқан. Бірақ, өңірдегі 300-дей шаруа бұл жеңілдікке ілікпеген.

«Ауыл шаруашылығын қолдау» бағдарламасының тиімділігін кейбір шаруалар көріп жатса, енді бірі оған қол жеткізе алмай отыр. Біз бағдарламаның жалпыға бірдей болуын қалаймыз. Үш ай ішінде екі қоғамдық қабылдау өткіздік. Сонда азаматтардан аграрлық салаға қатысты сұрақтар көп туындады», - дейді партия төрағасының орынбасары Валентин Хаданович.