$ 494.87  520.65  4.91

«Орал апталығы» газетінің редакторы тергеуге алынды

Жалпы, Лұқпан Ахмедияров полиция тарапынан жиі тергеуге тап болып жүр.
фото: uralskweek.kz
фото: uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облысындағы белгілі журналист – «Орал апталығы» («Уральская неделя») газетінің бас редакторы жемқор полицей туралы мақаладан кейін тергеуге ілінді, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Шақырту бойынша тергеушіге барып қайттық. Белгілі болғаны, маған қатысты ҚР ҚК-нің 147-бабы, 5-бөлімі бойынша («Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу») қылмыстық іс қозғалыпты.

Оған бір ай бұрын қылмыстық істе фигурант болған Атыраудағы бизнесменнің арызы негіз болыпты. Ол Өзбекстанның 4 азаматына жұмыс істеуге рұқсат алып беруге көмектескені үшін Оралда полиция офицеріне 500 мың теңге пара берген еді. Бизнесмен менің осы қылмыстық іс туралы мақалада оның аты-жөні мен ЖШС-ның атауын көрсеткеніме наразы», - дейді Лұқпан Ахмедияров.

Еске сала кетсек, 23 шілдеде БҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері БҚО бойынша ҰҚБД-мен бірге пара алып жатқан тұста БҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерін ұстаған болатын. Сол кезде ҚР ҚК-нің 366-бабы («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Жалпы, Лұқпан Ахмедияров полиция тарапынан жиі тергеуге тап болып жүр. Ол билік пен құқық қорғау органы тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық және басқа да бұзушылықтар туралы барынша өзекті тақырыптарды жазады. Сонымен қатар, БҚО-ның қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары