Ресей президенті Владимир Путин мен таяуда Беларусь президенті болып қайта сайланған Александр Лукашенко Мәскеуде кездесетін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сонымен, екі елдің басшылары алдағы апталардың бірінде кездесуге келіскен. Кремль баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Путин мен Лукашенко телефон арқылы сөйлесу кезінде бір-біріне әріптестік құруға дайын екендерін жеткізген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей мен Беларусь басшылары 24 тамызда сөйлескен болатын. Сол кезде Беларусь тұрғындары коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина сынағының үшінші кезеңіне қатысады деп келісіліген еді.