$ 498.34  519.72  4.85

«Навальныйға «Новичок» уы берілген» - неміс дәрігерлері (ВИДЕО)

Германия Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісін шақыртты.

Неміс дәрігерлері Берлин ауруханасында ес-түссіз жатқан ресейлік саясаткер Алексей Навальныйдың ағзасынан «Новичок» уы табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Германия канцлері Ангела Меркель 2 қыркүйекте осыған байланысты арнайы мәлімдеме жасап, бұл әрекеттің Алексей Навальныйға ғана жасалған жасалған қылмыс емес, негізгі құқық пен фундаменталды құндылықтарға қарсы бағытталған қастандық екенін атап өткен. 

Азаттық сайтының жазуынша, сондай-ақ ол Батыс елдерінің үкіметтері бірігіп, Ресейге қарсы шара қолдану мәселесін қарастыра бастаанын, әрі саясаткердің ағзасынан аты-шулы «Новичок» уының табылғанын Еуроодақ, НАТО және Химиялық қарумен күрес ұйымына хабарланғанын мәлім етті. «Германия СІМ Ресей елшісін шақыртуына тура келеді. Өйткені бізде тек Ресей үкіметі ғана жауап бере алатын сұрақтар бар» деп атап өткен ол.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесі «саясаткерге у беруді» айыптады. Вашингтон Ресейде саясаткердің улануына кінәлілерді жауапкершілікке тартып, қастық әрекеттерін шектеу мәселесін әріптестерімен талқылайтынын жеткізді. Конгресс Трамп әкімшілігін

Ресейге санкция салуға шақырды. НАТО да Ресей саясаткердің улану ісін толық әрі ашық зерттеуі тиіс деді.

Еуропа дипломаты Жозеп Боррель Навальныйға «қастандық» жасалғанын айтып, кез келген химиялық қару қолдану халықаралық заңға қайшы деді.

Франция, Италия, Канада, Үлыбритания және өзге елдер Кремльді оқиғаны ашық зерттеуге шақырып, бірігіп реакция танытамыз деп ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары