Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаудан түскен тапсырмаларын жүзеге асыру үшін 1,6 трлн теңге қажет. 2020 жылы қосымша сұраныс шамамен 300 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы деді премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz.
2020 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет басшысының тапсырмасына белгілі бір қаражат қарастырылған. Мәселен, 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасын құруға 30 миллиард теңге бөлінген. Қазірдің өзінде үкіметтік резервтегі әлеуметтік осал отбасылардың балаларына арналған компьютерлік жабдықтар сатып алуға 70 миллиард теңге бөлінген.
"Қазіргі уақытта 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау шеңберінде ағымдағы жылға қосымша шығындарды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, медициналық қызметкерлерге қосымша ақы төлеу, дәрі-дәрмек сатып алу және тағы басқа шығындар. Алдын ала есептеулер бойынша, биыл қосымша қажеттілік 300 миллиард теңгеге жуықтады", - деді Смайылов үкіметтегі баспасөз мәслихатында.
Мемлекет басшысының жолдаудағы тапсырмаларын іске асыруға 2021 жылғы бюджеттен қазірдің өзінде 1,6 трлн теңге қарастырылған.
"Біріншіден, бұл медициналық қызметкерлердің, мұғалімдердің жалақысын арттыру, шағын және орта бизнес субъектілеріне несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау сияқты шығындар. Бұл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жаңартуға, "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасына және басқаларға арналған шығындар", - деп нақтылады ол.
Жеке тапсырмалар бойынша мемлекеттік органдармен бірге қазіргі уақытта шығындар нақтылануда.