$ 494.87  520.65  4.91

«Шымкент қаласында оқушылар темір жол бойын жағалап, сабақ оқып жатыр» - Айгүл Орынбек

Заңгердің айтуынша, қала маңындағы ауылдар интернетке қол жеткізе алмай отыр. Оқушылар амасыз теміржол бойын жағалап, сабақ оқуға мәжбүр болып отыр.
фото: newsroom.kz
фото: newsroom.kz

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында Шымкент қаласындағы ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселелерді көтеріп, тағы бір бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Заңгердің айтуынша, қала маңындағы ауылдар интернетке қол жеткізе алмай отыр. Оқушылар амасыз теміржол бойын жағалап сабақ оқуға мәжбүр болып отыр.

«Шымкент қаласында балалар темір жол маңында интернет іздеп, білім алуда!
Ашынған аналар әкімдіктің алдына қонамыз деп жатыр!
Әйтеновтың BI мен саудаласудан қолы тимей жатқан шығар.
Күте тұрайық, саудасын жасап алсын!
Askhat Aimagambetov, Мусин Багдат, Karin Erlan, Берік Уәли назарларыңызға алыңыздар!
Шымкент әкімін бізге жұмыс істеуге жібердіңдер ме, саудаласуға ма?», - деп жазған өзінің facebook парақшасында. 

Сөзіне дәлел ретінде ауыл тұрғындарының шағымы көрсетілген бейнежазбаны қоса жариялаған. Онда ауыл тұрғындары бері интернеттің жоқтығы, жедел жәрдемнің тапшылығы секілді мәселелер көтерген. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары