Алматы облысында өзгенің көлігін ұрлағанын анықтаған жол сақшылары жол бойында құрықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
13 қыркүйекте Қарасай ауданы Полиция бөлімінің кезекші бөліміне 27 жастағы ер адам телефон шалып, Қайнар ауылында белгісіз біреу “Toyota Camry” маркалы көлігін ұрлап кеткені туралы арызданған. Аталған факті бойынша көлік құралын заңсыз иелену фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды (ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі).
Қолды болған көліктің қашып келе жатқанын рация арқылы біліп, оның қозғалысы бағытында жасанды жол кептелісін жасаған. Ұрланған автокөлік өте жоғары жылдамдықпен қозғалып, полицейлердің тоқтау туралы талабын елемеген.
Көлік ұрлаған күдікті із қуғыншылардан қара үзіп кетуі үшін түрлі маневрлер жасаған: жол шетіндегі бордюрлерден секіртіп, сыртқа шыққан, қозғалыстың қарсы бағытымен жүрген, қажет кезде жолсызбен де жүріп кеткен.
Оның көлігі кей сәтте сағатына 260 км астам жылдамдықпен қозғалған. 36 минуттық экстремалды жүрістен кейін № 199 экипаждың жанар-жағар майы таусылуға жақындаған.
Қылмыскердің ізіне түскен өзге көліктердің алыста қалғанын ескере отырып, ержүрек полицейлер қылмыскерді жіберіп алмау үшін күдіктінің көлігін қағып тоқтатуға шешім қабылдайды. Жүргізуші лейтенант А.Байқадыров қолайлы сәтті пайдаланып, жолды жақсы білетінін көрсете отырып, Камазды басып озғаннан кейін күдікті мінген көліктің жолын бөгеп, оны бетон қоршауға қарай бағыттаған.
"Бізді өлтіріп жатыр": Алматы облысында белгісіз біреулер 17 көлікпен келіп бүтін бір ауылды қорқытып, ақша бопсалаған
Бой бермеген жүргізуші қашуға тырысып, газды басып, көлік дөңгелегі орнында батып қалған. Оның жолында тұрған лейтенант Е.Ниязбаев табельдік қаруынан аспанға үш рет ескерту оғын атқан, бірақ қылмыскер полицейлердің талаптарын елемей, есіктерді жауып, із жасыруға әрекет еткен. Е. Ниязбаев жүргізуші жағынан әйнекті аяғымен сындырып, тәртіп сақшылары қолынан келгенше қарсылық көрсеткен көлік ұрлаушыны терезе арқылы далаға шығарды. Күдіктіні жерге жатқызып, қолдарына кісен салды.
Ұсталған азаматтың мас күйдегі Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 28 жастағы тұрғыны екені және бұған дейін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Ол кісі өлтіру, зорлау, тонау, алаяқтық және ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Күдіктінің қасында ұрланған көлікте Алматы қаласының 30 жастағы тұрғыны болған, ол рөлде отырған адамның құрбысы екенін айтқан. Ол ұрлық туралы білмеген және көлікті тоқтатуды өтінгенімен, оны тыңдамаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ол ұрлық, белсенді қарсылық және полиция қызметкерлерінің өміріне қастандық жасау деректері бойынша жауапкершілікке тартылады.