Тамара Рахымжанова өзінің еңбек жолын 2001 жылы кәсіпорындардың бірінде өндірістік үй-жайларды тазалаушы болып бастаған. Қазір Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский ауданының жаңа әкімі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, yk-news.kz-ке сілтеме жасап.
Тамара Рахымжанова 1978 жылы Өскеменде дүниеге келген. 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын персоналды басқару мамандығы бойынша бітірді.
2014-2016 жылдары «Өскемен-тазалық» ЖШС директоры, 2016-2019 жылдары «Өскемен-тәртіп» КГП директоры болып қызмет атқарды.
2018 жылы Қазақстан инновациялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
2019 жылдың ақпанында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.