$ 494.87  520.65  4.91

«Журналистер кәсіподағы тәуелсіз болуы тиіс» - журналист

Өкініштісі мемлекеттік. Бұған дейін мемлекет журналист құқын қорғамаған. Енді «қорғайды» деп ойламаймын.
Фото. facebook.com/diana.mukanova
Фото. facebook.com/diana.mukanova

Күні кеше ғана құрылған Журналистердің кәсіподағына қатысты қоғам белсенділері өздерінің ойларын білдіріп жатыр. Кейбіреулерінің айтуынша, аталмыш кәсіподаққа қатысты пысықтайтын жайттар әлі баршылық, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Журналист Диана Сапарқызының айтуынша, кәсіподақ құрамы өздігімен тағайындалған. Әрі ол тәуелсіз болуы керек.

«Ербол Мандибектің жағдайынан кейін, журналистер кәсіподағы құрылды. Жақсы, құрылсын. Өкініштісі мемлекеттік. Бұған дейін мемлекет журналист құқын қорғамаған. Енді «қорғайды» деп ойламаймын. Бұл - бір.

Екі. Кәсіподақ құрамын өздіктерімен тағайындаған. Журналистермен ақылдасып, кеңесуге болмас па еді?! 

Өз басым, журналистердің құқын қорғап, жоғын жоқтап жүрген медиазаңгер Диана Окремованы төрайым ретінде, құрылуына идея тастаған Ербол Мәндібекті, осы мамандықтағы талай аязды күндерді көрген Ермұрат Бапиді кәсіподақ құрамында көргім келеді.

Оқи отырыңыз: Журналистердің кәсіподағы құрылды

Бұл тұлғалар шынымен де әр әріптестерге жәрдем бере алады. Себебі, олар осы салада талай қиындықты бастан кешірген мамандар. Басшылықтан қорған таппаған әр журналист осы адамдардан таба алады.

PS, Аш бала тоқ баламен ойнай алмайды екен», - деп жазған өзінің  facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары