$ 447.4  477.55  4.76

Бағдат Қожахметов Денсаулық сақтау министрлігін «өртеуге» шақырды

«Жалпы біреуді жамандап атақ шығаратындар көбейіп кетті. Бүгінгі күннің әлеуметтік сәніне (модасына) айналғаны - дәрігерлерді, ауыруханаларды, Денминді «тепкілеу», жамандау. Өзін өзі батыр көрсетіп, атын шығарғысы келетіндер, сол баяғы Минздравқа тиседі.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов өзінің Facebook парақшасында отандық медицина мен дәрігерлердің қызметін сынағыштардың көбейгенін айтып пост жазыпты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бағдат мырзаның айтуынша, дәрігерлер мен ауыруханаларды, кит етсе болды министрлікті  "тепкілеу" секілді жайттар күнделікті модаға айналған.

«Атың шықпаса Минздравты өрте»
Екі ай болды медицина саласына келгеніме. Дәрігерлермен бірге жүріп көргенін бірге көріп, соның нәтижесін көпшілікке жеткізіп, дегендей.
Қоғаммен көпір орнатып жүріп түсінгенім: өз-өзін қандай жолмен болсада көрсететін адамдар көбейіп кетіпті елімізде. Солардың кейбіреулері жақсы бір әдіс тапқан секілді.
Бордюрге, әкімге, қойнында жатқан әйеліне ренжіседе өшін ақ халатты абзал жандардан алады. Олар аса мейірімді жандар емес па, бәріне шыдайды. Медсестраны қазақ бекерден МЕЙІРбике демейді ғой. Күндіз әлеуметтік желіде оның “бетіне түкіріп, табан сүртіп”, кешке жан қиналып ауырғанда түк болмағандай ыңқылдап сол дәрігерге барып емделетіндер бар. АРАМызда. Менің әріптестерім жоқ емес олардың ішінде», -деп жазған өзінің Facebook парақшасында. 

Сонымен қатар ол денсаулық саласына көңілі толмайтындарды дәрігерлерді жамандап, атын шығарғысы келетіндер деп есептейтінін айтқан. 

«Жалпы біреуді жамандап атақ шығаратындар көбейіп кетті. Бүгінгі күннің әлеуметтік сәніне (модасына) айналғаны - дәрігерлерді, ауыруханаларды, Денминді «тепкілеу», жамандау. Өзін өзі батыр көрсетіп, атын шығарғысы келетіндер, сол баяғы Минздравқа тиседі. Челлендж сияқты. Жұрттан қаламыз ба, деп. 
Атам айтушы еді: - «білген боғын жесін», деп. Бірақ ойымда жүргенін жеткізгім келді. Әрине, бір демде қоғам өзгеріп мәдениетіміз өрбіп кетпейді. Бірақ әр адам істегеніне, ойымен айтқан сөздеріне бір күні жаратушының алдында жауап береді. Оған күмәнім жоқ.

Сонымен қоса айтайын дегенім, емшілердің намысын қорғайтындар арамызда аз емес. Соны да біліп жүрейік, дегенім ғой», - деп атап өткен жазба авторы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары