$ 498.34  519.72  4.85

«Қазақстанға Ресей әскері кірсе қуанар едім»: желіде шовинист Божконың тағы бір бейнежазбасы тарады (ВИДЕО)

Тек мен ғана емес, Қазақстан халқының 99,9 пайызы елге Ресей әскерінің кіргенін қалайды.

Қазақ тілін маймылдың тіліне, ал қазақ халқының өзін маймылға теңеген Кирилл Александрович Божко есімді Қостанайлық шобинстің ғаламтор бетін кезіп жүрген тағы бір шектен шыққан видеосы бар болып шықты. Бұл жазбадан оның Ресейдің Қазақстанға әскер кіргізуін сұрап, «мен ғана емес, Қазақстан халқының 99,9 пайызы Қазақстанға Ресей әскерінің кіргенін қалайды» деп сандырақтап отырғанын байқауға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мысықтілеу Кирилдің бұл бейнежазбасын Асхат Қасенғали есімді журналист өзінің Фейсбук парақшасында жариялаған.

«Қазақ тілін маймылдың тілі, ал қазақ халқын маймылға теңеген Божконың тағы бір интернетте видеосы бар екен. Онда ол «Ресей әскері кірсе қуанып, құшақ-құшақ гүл шоқтарымен қарсы алар едім» деген ой айтады. Тәуелсіз Қазақстанға өзге елдің әскері кіруін қолдайды, асыға күтеді екен.

Бірінші видеосында ол ұлтараздықты тудыру бойынша 174-бапқа сай келетін сөздер айтса, яғни ол бойынша жаза 7 жылға соттау.

Ал екінші видеоны сепаратистік әрекетке жатқызуға болатын шығар, яғни 180-бап. Ол бойынша еліміздің тұтастығы, унитарлығына қарсы әрекет еткендерді қылмыстық жауапкершілік бойынша 10-15 жылға соттауға болады.

Бірінші видеода "мас болдым, жаздым-жаңылдым" десе, мына видео бойынша не дер екен. Бұл видео бірінші видеоға дейін түсірілсе керек. Тағы да украин блогерлеріне сұхбат беріпті. Қысқасы бұның іші толған қазақ халқына, республикасы мен билігіне, мемлекетіне деген өшпенділік екені көрініп тұр. Еліміздің құзырлы органдары нақты заң бойынша соттайды деп ойлаймын. Енді ақталуға ешқандай мүмкіндігі жоқ сияқты. Бір емес, екі видео дәлел бар. Құрметті ҚР Бас прокуратурасы, әділетті шешім күтеміз, сенеміз.

Видео Фейсбуктағы Bekseit Adilov парақшасынан алынды», - деп жазған ол өзінің Фейсбук парақшасында.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын Қостанай облысына қарасты Рудный қаласының тұрғыны делініп жүрген Кирилл Божконың Inter вата youtube арнасының жүргізушісі Василий деген біреуге берген сұқбаты жарияланған болатын.  Ол сұқбат барысында қазақ халқына ауыр айыптар тағып, тіл тигізген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары