Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың өлім жазасын жоюды көздейтін Азаматтық және саяси құқықтар туралы екінші факультативті хаттамаға қол қоюына қатысты пікір білдіргенін хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бірнеше күн бұрын Қазақстанда өлім жазасын алып тастауды қарастыратын екінші факультативті хаттамаға қосылу туралы шешім болды. Бұл қосылу процедурасы Конституцияға толық сәйкес келеді және негізгі заңға ешқандай өзгеріс енгізу қажет емес. Өлім жазасы мораториймен қамтамасыз етілгендіктен, іс жүзінде біздің елде өлім жазасы жоқ. Заңды біздің тұңғыш президентіміз жариялады», - деді Тоқаев.
Еске сала кетсек, БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын алып тастауға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық екінші факультативті хаттамаға қол қойған болатын.