Халықаралық Freedom House ұйымы интернет еркіндігі бойынша зерттеуін жариялап, мемлекеттердің рейтингін түзді, деп хабарлайды azattyq-ruhy сайты.
Рейтинг басылым, трансляция және онлайн-БАҚ еркіндігінің дәрежесіне қарап жасалады.
Интернет еркіндігі бойынша рейтинг барлығы 65 мемлекеттің ішінде жүргізілген. Бұл ретте көш басында Исландия, сондай-ақ ТОП-5 елдің қатарына Эстония, Канада, Германия мен Аустралия кірген. Осыдан бір жыл бұрын 46-орында болған Қазақстан биыл тізімде 50-орынға жайғасқан. ТМД елдерінің ішінде Беларусь 48-орында, Әзірбайжан 45-орында, Қырғызстан 25-орында тұр.
Жалпы, рейтинг жасауда мына факторлар назарға алынған:
интернетке қолжетімділікке кедергі келтіру; контент мазмұнына байланысты шектеулер (сайттарды бұғаттау, цензура); пайдаланушының құқығын бұзу (желідегі әрекеттерді, құпиялылықты бақылау). Рейтингте шартты түрде үш топ айқындалған: «еркін», «жартылай еркін» және «еркін емес». Қазақстан соның ішінде интернеті еркін емес топқа кірген.