$ 494.87  520.65  4.91

Тұрғымбаев өз балаларын ұрып-соққан әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Заңды әйелі күйеуінен ажырасуға өтініш бермеген.
фото: kursiv.kz
фото: kursiv.kz

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысында болған өз балаларын ұрып-соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Тұрмыстық жанжал саласына қатысты құқық бұзушылық және қылмыс біржақты болмайды, оның екінші жағы болатындығына назар аударғым келеді. Түркістан облысындағы жағдайға келсек, балалардың анасы бұған дейін де күйеуінің үстінен бірнеше рет шағым түсірген, бірақ арызданбаған. Заңды әйелі күйеуінен ажырасуға өтініш бермеген. Бұл жерде полицейлердің жұмысын айқындайтын өзіндік заңнамалық тұстар бар. Яғни, біз шағымсыз ол әйелдің жолдасын 3 сағаттан артық қамауда ұстай алмаймыз. Сондай-ақ, себепсіз әкімшілік жауапкершілікке де тарта алмаймыз», - деді Е. Тұрғымбаев тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. 

Естеріңізге сала кетсек, полицейлер 4 қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбаны анықтады.

 Аталған жайт сотқа дейінгі тергеу тізіліміне ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі «Азаптау» бойынша тіркелді. Көп ұзамай тәртіп сақшылары балаларын ұрып-соққан әкені ұстады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары