ҚР Президентінің Өкімдерімен Бас прокурордың орынбасарлары мен Президент әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісін және өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшыларын алмастырды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланған.
Осылайша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен:
- Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;
- Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне;
- Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне;
- Марат Рахымұлы Құсайынов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне;
- Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар, Президент бірқатар лауазымды тұлғаларды қызметінен босатты:
- Нұрмаханбет Молдалыұлы Исаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен;
- Талғат Мамыртайұлы Қойбақов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен;
- Мұрат Кәрібайұлы Бектанов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.