Саясат 06.10.2020 сағат 15:40

Мұхтар Тайжанның Ұлттық кеңестен не үшін шеттетілгені белгілі болды

Менде әзірше нақты жұмыс жоқ.
Мұхтар Тайжанның Ұлттық кеңестен не үшін шеттетілгені белгілі болды
фото: qasym.kz

Қоғам белсендісі, экономист Мұхтар Тайжан өзінің ұлттық кеңестен не үшін шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, жер комиссиясы құрылмай жатқандықтан, кеңесте нақты атқаратын жұмыс болмаған. Ол бұл туралы facebook желісіндегі парақшасында хабарлаған.

«Ұлттық кеңестен ақыры шығарылдым. Жер комиссиясы әзірше құрылмай жатыр, яғни менде нақты жұмыс дәл қазір әзірше жоқ. Енді не істеуім керек, ал? Пайда болған бос уақытты босқа кетіртпей, сүйікті жұбайым Айгүлді ертіп алып, Чехиядағы Карловы Вары деген курортқа барып, денсаулығымызды күшейтуді жөн көрдім. Қазан айы осында пайдалы су ішіп, жаяу көп жүріп, демалып жатамыз, амандық болса. Әлбетте, сіздер қарсы болмасаңыздар», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Оқи отырыңыздар: «Жерді жекеге беру - еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне зиян емес»: Мұхтар Тайжан жер сатуға қарсы еместігін білдірді

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар