$ 498.34  519.72  4.85

«Мен Қырғызстанның легитімді президентімін» - Жээнбеков

Наразылық шарасы алдын ала жоспарланған шара екені анық болды.
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ВВС медиасының Қырғыз қызметіне берген сұхбатында елдің «легитімді президенті» ретінде қала беретінін мәлімдеді, деп жазады Азаттық радиосы.

"Координациялық кеңес елдері жағдайды заңмен реттеуге тырысып жатыр. Мен де соған шақырамын және көмек көрсетуге дайынмын. Мен – елдің легитимді президентімін және көп іс маған да байланысты" деді ол.

Жээнбеков журналистің "елде болған жағдайдың алдын алу мүмкін бе еді?" деген сауалына "Наразылық шарасы алдын ала жоспарланған шара екені анық болды. Митингіге көп нәрсе керек. Шараны ұйымдастыру, координация жасауға көп ресурс керек. Болған іс болды. Қазір келіссөз жүргізіп, жағдайды заңға сай реттеу қажет. Қызметті бөлісу және жаңа сайлау заңға сай болуы тиіс" деп жауап берді.

4 қазанда елде парламент сайлауы өткен. 5 қазанда жұрт сайлау нәтижесімен келіспей наразылыққа шыққан. Олар сайлау нәтижесін жоюды талап етті. 6 қазанға қараған түні наразылар президент пен парламент отыратын Ақ үйді, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратын басып алды. 7 қазанда Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесін жойды.

Елде біраз саясаткерлер енген Координациялық кеңес құрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары