$ 448.15  483.46  4.86

«Ел ішіне ылаң салатындарды орыстілді ортадан іздеу қажет»  - журналист

Ақшаны орыстілді аудиторияны қазақтандыруға бағыттаңдар одан да.
Фот: facebook.com
Фот: facebook.com

Әлеуметтік желіде журналист Думан Бықайдың ұлттық мәселеге қатысты тағы бір өзекті жазбасы жарияланды. Журналист бұл жазбасында елдегі ұлттық араздық, сепаратистік сипаттағы оқиғалардың дені орыстілді аудиториядан туындайтынын айтқан. Айтуынша, билікке қазақтілді аудиториядан келер қауіп жоқ. Керісінше, орыс тілді қоғамды бақылауға алу керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Дін өкілдерін пропаганда құралы ретінде пайдаланып отырған билік қазақ емес, орыс аудиториясымен жұмыс істеуі керек! 

Айналайындар, бізден қауіп жоқ! Қазақ аудиториясы өткен 30 жылдың әділ бағасын әлдеқашан беріп қойған. 

Ақшаны орыстілді аудиторияны қазақтандыруға бағыттаңдар одан да. 

Ел ішіне ылаң салатындар орыстілді ортада өріп жүр. 

Айталық, Рудныйдан шыққан Божконың бойында қазаққа деген өшпенділік қалай қалыптасты? 
Шовинизмнің балалайтын әдеті бар. 

Оқи отырыңыз: «Атышулы Тайчибековтің қамалуына әзірбайжан бауырлар да атсалысты» - журналист

Божконың өзі ғана емес, қойнындағы қатыны да, бауырындағы баласы да сондай демек. Ортасы да. Бұл мемлекеттің ақпараттық салада жіберген ақауы. 

Билік Божко секілділердің қандай контентті тұтынып отырғанына бас қатырғысы келмейді. Ресей пропагандасы тұтас Рудныйды торлап алған болуы мүмкін. Оған кім ойланып жатыр?

Ақпараттық саясат - Тоқаевтың «Ана тілге» берген сұхбатын жәй ғана сұхбат емес, пропагандаға айналдыруды білдіреді», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары