$ 494.87  520.65  4.91

Ресейдің Қорғаныс министрі елімізге ресми сапармен келді

Ол қазақстандық әріптесімен және республиканың саяси басшылығымен қорғаныс саласындағы көпжақты өзара іс-қимыл мәселелері бойынша келіссөз жүргізеді.

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу 16 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келеді. Ол қазақстандық әріптесімен және республиканың саяси басшылығымен қорғаныс саласындағы көпжақты өзара іс-қимыл мәселелері бойынша келіссөз жүргізеді.

"Сапар барысында армия генералы Сергей Шойгу әскери ведомствоның басшысымен және республиканың саяси басшылығымен қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы көпжақты өзара іс-қимыл, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру, әскери ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша келіссөз жүргізеді. Тараптар халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы шараларды айқындайды", - делінген Ресей қорғаныс министрлігінің сайтындағы хабарламада.

4 қыркүйекте Ресей қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгудың төрағалығымен ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің бірлескен отырысы өтті.

ШЫҰ, ТМД және ҰҚШҰ елдері қорғаныс ведомстволарының бірінші басшылары террористік қатерлерге қарсы күрестегі ынтымақтастық мәселелерін талқылап, алғашқы бірлескен оқу-жаттығу өткізу туралы уағдаласты. Бірінші бірлескен оқу-жаттығу "Кавказ-2020" маневрі аясында өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары