Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантатынын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды. Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантады. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен ақ сабырға шақырдық», - деп жазды Мемлекет басшысы.