$ 498.34  519.72  4.85

«Бүкіл ірілерге сүйкеніп, суретке түсіп шықса да, Мұхамеджанның діни көзқарасы тексерілу керек!» - Айгүл Орынбек

Қайталап айтамын, ҚМДБ ның мен айтқан екі өкілі діни көзқарасы бойынша сараптама өткізгенде ғана бұл кісіге сенуге болады! Оған дейін Ұлттық арнаға жоламасын!
фото: kaz.365info.kz
фото: kaz.365info.kz

Әлеуметтік желі бетіндегі Тазабеков дауының әзір басылар түрі көрінбейді. «Қоғамның жаппай қарсылығын тудырып жатыр екенмін» деп Мұхамеджанның да қыңатын түрі жоқ. Тіптен өршеленіп барады. Парақшасында әлсін-әлсін жазба қалдырып, қолынан келгенше қарсылық жасап бағуда. Өзінің facebook парақшасында менің салафит емес екенімді білетін жандардың бірі деп өзін сынаушылардың бірі, журналист Дина Елгезекпен дастархан басында бірге отырған суретін салып, кезекті сала-құлаш постын жариялапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда, Тазабеков мырзаның бұл жазбасы да ешкімнің жүрегін жылыта алмаған секілді. Салған бойдан қарымта шабуылдың астында қалған. Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Мұхамеджанның бұл жазбасынан да шынайылықтың ізін байқамағанын жазыпты.

Айтуынша, өзін жоғары көрсету, тәкәппарлық, екі жүзділік ұрып тұр!

«Сүйкімсіз бейнесін, біреулерге сүйкеліп жүріп ақтап алу, ол адамның ең майда екенін көрсетеді!
Ешкімге сүйкелмей ақ, еркек сияқты өзін неге ақтап алмайды?

«Мен сәләфи ағымында емеспін»- деп бір сөйлем жазу үшін, поэма жазып не керек, М.Тазабек?
Анау майда, мынау ірі деп әйтеуір біреуді кемсітіп, мұқатып, осы ма ұлтқа тәрбие беретін адам?

Жазбасын жақсы ниетпен, екі қайталап оқыдым! Шынайылық жоқ, тек кінәлау, өзін жоғары көрсету, тәкәппарлық, екі жүзділік ұрып тұр!

Қайталап айтамын ҚМДБ ның мен айтқан, екі өкілі діни көзқарасы бойынша сараптама өткізгенде ғана бұл кісіге сенуге болады!

Оған дейін Ұлттық арнаға жоламасын!

Бүкіл ірілерге сүйкеніп, суретке түсіп шықса да, бұл кісінің діни көзқарасы тексерілу керек!

Кім кіммен суретке түспей жатыр? Зоопарктегі маймылмен де суретке түсіп, мақтап жазуға болады емес пе?!
Сол себепті сараптама жүргізілсін!», деп жазыпты өзінің facebook парақшасында.

Оқи отырыңыз: Қоғам белсенділері Мұхамеджан Тазабектің «Тәлім-тренд» бағдарламасын жабуды талап етіп жатыр

Естеріңізде болса, Айгүл Орынбек бұған дейін де М.Тазабектің Ұлттық арнада жұмыс істеуін қауіпті деп санайтынын, сол себепті оның діни көзқарасына нақтылық енгізу үшін Мұхамеджан Тазабектің діни көзқарасына ҚМДБ өкілдері Сансызбай Құрбанұлы және Қайрат Жолдыбайұлы сараптамадан өткізсін деген талап қойған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары