$ 494.87  520.65  4.91

Дина Елгезек Мұхамеджан Тазабековтің «салафит емес екенін» түйсінбейтін болып шықты

Күнде жолығысып жүргендей жазғанын көргенімде таң-тамаша болдым. Импровизациясы «керемет» екен...
фото: facebook.com
фото: facebook.com

Жұрт айтып жүргендей өзінің салафит емес екенін қоғам белсендісі Дина Елгезектің «жүрегі» мен «түйсігі» арқылы растамақ болған Мұхамеджан Тазабековтің кезекті қойылымы тағы да сәтсіздікке ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Осыдан бірер күн бұрын кейіпкеріміз facebook парақшасында «менің салафит емес екенімді білетін жандардың бірі» деп өзін сынаушылардың бірі, журналист Дина Елгезекпен дастархан басында бірге отырған суретін салып, кезекті сала-құлаш пост жариялаған жазған еді. 

Жазбасында Дина қарындасына қаратып біраз жылы сөздер арнай келіп, соңғы жағын «менің «сәлафи» емес екенімді де, менен қазаққа келер қасіреттің жоқ екенін де жүрегі біледі, түйсігі растайды... Жан дүниесі менде жақсылық бар екенін білмесе, қасиетті Рамазанда хат-хабар алысып, рухани тұтастығымыз бен имани игіліктеріміз жайлы сыр бөлісер ме еді?!  Көрген жерде ізетпен сәлемімді алып, құрметпен қоштасар ма еді?! Анадан сезгіш кім бар. Динаның аяулы анасы алты қызына баға бере келе: «Қыздарымның ішіндегі ең жуасы, адамның көңіліне қарап сөйлейтін ең ізгісі, ең көп сөйлемейтін тұйығы – Дина" деп бекер ой толғамайды ғой... Алла ол кісіден разы болсын!» – деп түйіндей кеткен-тін. 

Қызық болғанда, сол Дина «қарындасы» «ағасының» салафит емес екенін түйсінбейтін болып шықты. Тіптен, ағасы айтып жүргендей онымен ешқашан дастархандас болмаған, керек болса, көрген жерде ізетпен сәлем беретінін де, қасиетті Рамазанда хат-хабар алысып, рухани тұтастығы мен имани игіліктері жайлы сыр бөлісетін есіне түсіре алмаған. 

Оқи отырыңыз: «Бүкіл ірілерге сүйкеніп, суретке түсіп шықса да, Мұхамеджанның діни көзқарасы тексерілу керек!» - Айгүл Орынбек

Дина Елгезектің айтуынша, «ағасы» оның барлығын ойдан шығарып ұрып жібергенге ұқсайды. Бар болғаны Тазабековты бір тойдан көрген. 

«Осыдан 1 жыл 10 ай бұрын бір таныстың туған күніне бардым. Сол тойда Мұхамеджан Тазабеков қасыма келіп: «Сізбен суретке түсуге болады ма?» деп қиыла сұрады. Әрине, жоқ демейсің ғой. Суретке түстім. Және сол жылы уотсап арқылы бір мәселе бойынша бір рет тілдестім. 

Өмірімде бір-ақ рет көріп, бір рет тілдескен адамның: «күнде ізетпен көріп жүрген адамым» деп күнде жолығысып жүргендей жазғанын көргенімде таң-тамаша болдым. Импровизациясы «керемет» екен...», - деп жазған өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары