$ 444.22  476.38  4.82

«Астана» ФК-ына жаңа бас бапкер келді

Тихонов «Крылья Советов», «Спартак» (Мәскеу), «Спарта» (Щелково), «Краснодар», «Енисей» және «Крылья Советов» клубтарында бапкерлік қызмет атқарды.
Фото: fcastana.kz
Фото: fcastana.kz

Футболсүйер қауымға мәскеулік «Спартак» және Ресей ұлттық құрамасы сапындағы ойынымен жақсы танымал 50 жастағы Андрей Тихонов «Астана» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Тихонов футболшы ретінде «Крылья Советов», «Химки», «Маккаби Тель-Авив» (Израиль) және «Локомотив» (Астана) клубтарында да ойнаған.

Сондай-ақ, Тихонов «Локомотив» (қазіргі «Астана» - ред.) клубы тарихындағы алғашқы капитан. 2009 жылы чемпионаттың үздік ойыншысы атанып, біріншіліктің күміс жүлдесін иеленді. Ол клуб тарихында ең көп нәтижелі пас берген үздік ойыншылардың бірі.

Тихонов «Крылья Советов», «Спартак» (Мәскеу), «Спарта» (Щелково), «Краснодар», «Енисей» және «Крылья Советов» клубтарында бапкерлік қызмет атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары