$ 443.85  474.3  4.8

«Ешқайда жұмыс істемесе де салафиттердің карталарына ай сайын 400-500 мың теңге түсіп тұрады» - журналист

Ары кетсе бес-алты айта джип мініп шығады.
фото: facebook.com
фото: facebook.com

Жұрт арасында «салафиттер қатарына адам тарту үшін ақша беріп қызықтырады» деген әңгімелер жиі айтылады. Ақша болғанда аз қаржы емес. Кейбір дерек көздерінің айтуынша, бұл ағым өкілдері әсіресе, қолынан іс келетін, жұртқа сөзі өтетіндерге келгенде тіптен аянып қалмайды. Басына баспана сыйлап, астына көлік мінгізіп жүріп аз уақыттың ішінде толыққанды салафит қылып алады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желі бетінде журналист Мейіржан Әуелханұлының осыған ұқсас жазбасы таралып жатыр. Бұл жазбада «ахилардың» (салафит ағымыныда жүрген жігіттер бірін-бірі осылай атайды) шытырлатып ақша санап, ай сайын көлік мініп жүретіні айтылған.

«Салафимен дос болған інім айтады: «Түк жұмыс жасамаса да айына карталарына 400-500 мың тг түсіп тұрады. Тапсырма берілген кезде, ақшасы кеңірдектен өтіп кеткен соң жанұшыра орындайды. 5-6 айда гелик мініп шығады. Ол джипті келесі ахи бауырына арзанға сатады. Сейфтегі жүз мыңдаған доллар ақшаларын үнемі орын ауыстырып отырады» деп... 

Құрылыста жұмыс жасайтын інішек соңында «ақшаға байланған ахилар соңында ол кругтан шығам деп те шыға алмай қалатынын айтты...», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары