$ 494.87  520.65  4.91

«Қарағұсова, Божко және басқаларды «құрметті демалысқа» жіберетін кез келді» - журналист

Олардың дағдарыс тұсындағы кемшіліктерін бетіне басып шығарып салу керек. Үйде отырып немерелерін бақсын.
Фото: dalanews.kz
Фото: dalanews.kz

Көптен бері айтылып жүрген парламент сайлауы туралы сыбыстардың нүктесі қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев парламент және мәслихат сайлауын 10 қаңтарға тағайындау туралы Қаулыға қол қойды. Ол сонымен қатар, алдағы сайлауда партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілетінін атап өтті. Президентің айтуынша, бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартуға мүмкіндік бермек.

Ал қоғам белсенділерінің айтуынша, жастарға орын беру үшін Парламент төрін демалыс орнына айналдырып алған кәрілерден арылу керек. Журналист Думан Бықайдың ойынша, олардың бәрін «құрметті демалысқа» жіберетін кез келді.

«Қарағұсова, Божко және басқаларды «құрметті демалысқа» жіберетін кез келді...
Бүгінде мәжілісте отырған кейбір азаматтардың зейнет жасына жасына таяп қалғаны ешкімге жасырын емес. 

Ал дағдарыс жағдайында жолды бірінші кезекте іс тындыруға қабілетті және жаңаша ойлай алатын жастарға беру керек. Мемлекет ондаған жылдар бойы жастарға инвестицияны тектен текке салған жоқ.

Талай азаматты шетте сол үшін оқытты. 
Өкінішке орай жаңа буын заң шығарушы органның есігін сығалағаны болмаса, депутат креслосына қолы жетіп жатқан жоқ. 

Әлі кеңестік иделогияның жетегінде жүрген әрі ескіше ойлайтын азаматтарды құрметті демалысқа жіберетін кез келді. 

Олардың дағдарыс тұсындағы кемшіліктерін бетіне басып шығарып салу керек. (Үйде отырып немерелерін бақсын.) 

Осы ретте жаңа құрам жасақтау туралы шешім өте өзекті болды деп есептеймін. Қаражат көп жұмсалады деп даурықпау керек. 

Жастарды бәйгеге қосқан жарау аттай сайлауға жіберіп аяқ алысын көру керек. Мүмкін олардың жаңа өзгерістер әкелуге өресі жетер», - деп жазды ол facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары