$ 494.87  520.65  4.91

Поляк тілі мен мәдениетін дамытқаны үшін Польша президенті Елбасыға алғыс айтты

Варшавадағы Бельведер поляк президентінің сарайында Польшадағы ҚР-ның Төтенше және уәкілетті елшісі Алтай Әбибуллаев ел президенті Анджей Дудаға сенім грамотасын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Екіжақты әңгіме барысында Қазақстан елшісі Польша президентіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жолдап, оған ақ тілегін білдірді. Ал, А.Дуда болса қазақ ұлтының көшбасшысына жылы лебізі үшін алғысын айтып, 2015 жылы қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының жиынында Назарбаевпен болған алғашқы кездесуін есіне алды. Осы кездегі әңгімеден кейін екі елдің арасындағы достық қарым-қатынас нығайып, президенттер бірқатар мәселеде ортақ тіл табысқан болатын.

А.Дуда Қазақстанды Польшаның Орталық Азтядағы ең сенімді және маңызды серігі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Президентіне және үкіметіне елде поляк тілі мен мәдениетінің еркін дамуына жағдай жасағаны үшін де мол алғысын жаудырды. "Бұл екі ел арасындағы көпірге айналп отыр" деп айтты Польша президенті. Дуда сондай-ақ, Қазақстанның ЭКСПО Халықаралық көрмесін өткізуіне байланысты қуанышты екенін де жасырған жоқ.

Қазақстандық елшімен болған кездесу барысында поляк президенті алдағы уақытта Варшавада бірқатар халықаралық маңызды шаралардың өтетінін де айтып кетті. Олардың қатарында ҚХР президенті Си Цзипиньнің ресми іс-сапары, НАТО саммиті, Кравковтегі Бүкіләлемдік жастар күні аясында Рим Папасының елге келуі және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми іс-сапары. Екі ел басшылары саясат, халықаралық қауіпсіздік, білім және ғылым, сондай-ақ мәдениет салаларындағы байланыстарға тоқталатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары