04.11.2020, 16:00

«Халықтың денсаулығы туралы Мемлекеттік бағдарлама құрылмайынша коронавирусты жеңе алмаймыз» - академик

Фото: 7kun.kz
Дәрігерлердің айлығын 3-4 есе көтеру қажет. АҚШ-та ауыл врачтары жылына 150 мың $ айлық алады. Бізбен салыстырғанда кем дегенде 20-30 есе көп.

Белгілі ғалым Оразалы Сәбден еліміздегі қазіргі қалыптасып отырған пандемиялық ахуалға алаңдаушылық білдіріп тағы бір жазба жариялады. Академик өзінің бұл жазбасында коронавирус пандемиясының қайта күш алып бара жатқанына алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осылай деп атап өткен ғалым коронавируспен күреске қарсы өзінің  ұсынысын білдірген. Айтуынша, Халықтың денсаулығы туралы Мемлекеттік бағдарлама құрылмай ештеңе өзгермейді. 

«Коронавирус жағдайында Халықтың денсаулығы туралы оймақтай ой:

1. Ұзақ жылдарға арналған «Халықтың денсаулығы туралы Мемлекеттік бағдарлама» керек.

2. Онда эпидемиямен, қауіпті аурулармен, халыққа жеткілікті дәрі, медициналық қызмет, цифрландыру арқылы тез информация алу, тағы басқа да өткендегі қателіктерді жібермеу.

3. Халықтың денсаулығын қорғау туралы арнайы «Денаулық қорын» құру керек. Оған ешкім қол сұқпау үшін, қор Парламенттің құзырында болсын.

4. Денсаулық саласына бөлінетін қаржыны кем дегенде ЖІӨ шаққанда 6% пайызға көтеру қажет, қазір (3%)? АҚШ та 16-18%, ЕО-да 10-12%.

5. Дәрігерлердің айлығын 3-4 есе көтеру қажет. АҚШ-та ауыл врачтары жылына 150 мың $ айлық алады. Бізбен салыстырғанда кем дегенде 20-30 есе көп. 

6. Барлық деңгейде медицина саласының студенттерін 100% тегін оқыту керек. Ал бірінші курста үлгермегендерін 20-30% дейін отчисленияға жіберу қажет. Сонда ғана сапа болады. Кім көрінген түсе алмайтын болады. Халықтың денсаулығымен ойнауға болмайды.

7. Арнайы Фармацевтика өндірісін дамыту керек, инвестиция салып дәрілердің басым 60-70 пайызын өзіміз шығаруымыз қажет (қазір 10-15%).

8. Алдымыздағы жасанды интеллект, роботизация, і-технология, биотехнология, адам геномы уақытында - әлемдік деңгейде Генетикалық орталықтар, Ғылыми Орталықтар, Кластерлер ашу өте қажет.

9. Тек осылар жасалғанда ғана Халқымыздың Иммунитеті көтеріліп, денсаулығы күшті ел, экономикасы мықты Мемлекет боламыз! Басқа жол жоқ», - деп жазған өзінің facebook парақшасында.